Accessibility links

Грекия премьер-министрі президентпен кездеспек


Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу парламентте сөйлеп тұр. Афины, 4 қараша 2011 жыл.

Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу парламентте сөйлеп тұр. Афины, 4 қараша 2011 жыл.

Грекия премьер-министрі Георгиос Папандреу бүгін ел президенті Каролос Папульяспен кездесіп, жаңа төтенше коалициялық үкімет құру мәселесін талқылайды.

Жаңа үкімет құрудағы мақсат Грекия дефолтының алдын алуды көздейтін халықаралық несие келісіміне қол жеткізу. Қарашаның 5-інде парламентте Папандреу үкіметіне әрең дегенде сенім танытылды. Папандреу Грекияның қарыз дағдарысын дұрыс шеше алмай отыр деген алаңдаушылықтар айтылып, осыған байланысты парламентте дауыс берулер ұйымдастырылған болатын. Парламенттегі 300 депутаттың 153-і үкіметті қолдап дауыс берді.

Папандреу елді банкротқа ұшыратпау үшін 130 миллиард еуро көлеміндегі халықаралық құтқару қаржысын алу мақсатында шұғыл түрде жаңа үкімет құруға шақырды.
XS
SM
MD
LG