Accessibility links

Қазақстан мен Франция ядролық отын өндіретін зауыт ашпақшы


"Қазатомпром" компаниясы мен Францияның "AREVA" компаниясы Шығыс Қазақстан облысында ядролық отын өндіретін зауыт ашпақшы.

Бұл туралы бүгін Астанада брифинг өткізген Францияның өнеркәсіп, энергетика және сандық экономика министрі Эрик Бессон мәлімдеді.

"Ядролық отын өндіретін зауыт ашу туралы келісімге қол қойылуы AREVA мен "Қазатомпром" компаниялары арасындағы ынтымақтастықтың нығаюын көрсетеді", - деді Бессон.

Оның айтуынша, аталмыш зауыттың құрылысы келесі жылдың ортасында басталады деп жоспарланған. Жаңа зауыт Үлбі металлургиялық зауыты негізінде құрылмақ деді Бессон.

Француз министрі Астанаға жұма күні барған болатын.
XS
SM
MD
LG