Accessibility links

Пәкістанда Бхуттоның өліміне қатысты 7 адам айыпталды


Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның суретін алып тұрған кісі. Исламабад, 27 жетоқсан 2010 жыл.

Пәкістанның бұрынғы премьер-министрі Беназир Бхуттоның суретін алып тұрған кісі. Исламабад, 27 жетоқсан 2010 жыл.

Бүгін Пәкістан соты ресми түрде 7 адамға «Беназир Бхуттоның өліміне қатысы бар» деген айып тақты. Айыпталушылардың екеуі жоғары лауазымды полиция қызметкерлері, ал қалған бесеуі күдікті «Талибан» содырлары.

Прокурор Чаудхри Ажардың мәлімдеуінше, айыпталушылар өздеріне тағылған айыптарды жоққа шығарып отыр. Сот ісі Рауальпинди қаласындағы түрмеде өтті.

Екі рет премьер-министр болған Беназир Бхутто 2007 жылы Рауальпиндидегі жанкештілік шабуыл мен атыс барысында қаза болған еді.
XS
SM
MD
LG