Accessibility links

Грекия партиялары үкімет құруда тұйыққа тірелді


Грекия Коммунистік партиясының қолдаушылары Афиныда шеру өткізді. 4 қараша. 2011

Грекия Коммунистік партиясының қолдаушылары Афиныда шеру өткізді. 4 қараша. 2011

Грекияның саяси партиялары елдегі қарыз дағдарысын реттеп, халықаралық 130 миллиард еуро көмекті мақұлдайтын бірыңғай үкімет құра алмай жатыр.

Премьер-министр Георгиос Папандреу егер одақтас үкімет жасақтауда бір мәмілеге келуге көмектесетін болса, өзінің үкімет басшылығынан кетуге дайын екенін айтты.

Бірақ оппозиция бұл коалицияға қосылуға қарсылық танытып, Папандреудің орнынан кеткенін емес, елде кезектен тыс сайлаулар өткізуді талап етуде. Бұл "Жаңа демократия" партиясының жетекшісі Анонис Самарас коалициялық үкімет құру мәселесіне қатысты бүгін ел президентімен кездеседі.

Папандреудің айтуынша, Грекия Еуропа Одағының 130 миллиард еуро көмегін алғанда орындалуы тиіс қысқарту шаралары мен қажетті шектеулерді қолға алғанда ғана еуро зонада қала алады. Грекия тұрғындары ол қысқартуларға қарсылық танытып келеді.
XS
SM
MD
LG