Accessibility links

Нигериялықтар радикалды исламистердің бірқатар шабуылынан құрбан болған 100 шақты адамды жерледі.

Бомбалық жарылыстар мен атыстар Нигерияның солтүстік-шығысында болып, оларға жауапкершілікті елге шариғат заңын енгізуді көздеп келе жатқан "Боко Харам" тобы алды.

Шабуылдар полиция бекеттері мен шіркеулер маңында болды. Хабарларға қарағанда, мәйітханада әлі ондаған белгісіз адамдардың сүйегі жатыр.

Нигерия президенті Гудлак Жонатан бұл шабуылдарды айыптап, оны жасаушыларды жазалауға сөз берді.

Мұнайға бай Нигерия - Африканың ең халық тығыз қоныстанған аймағы. 160 миллион тұрғыны бар Нигерияның солтүстігінде мұсылманы көп болса, христиандары оңтүстігінде басым тұрады.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG