Accessibility links

Қытайлық суретшіге жан-жақтан көмек көрсетіліп жатыр


Ай Вейвей журналистерге сұхбат беріп тұр. Бейжің, 23 маусым, 2011 жыл.
Ай Вейвей журналистерге сұхбат беріп тұр. Бейжің, 23 маусым, 2011 жыл.
Қытайдың диссидент суретшісі Ай Вейвей өзіне 16 мыңнан астам адамның шамамен 3,5 миллион юань (550 мың АҚШ доллары) жібергенін айтты.

Қытай үкіметінің өткен аптада Ай Вейвейге 2.4 миллион АҚШ доллары көлемінде салықтар мен айыппұл төлеуді міндеттегенін әділетсіз деп есептеген мыңдаған өз наразылықтарын осылай білдіріп жатыр. Суретшіге көмекмақша электронды аударымдар арқылы, конвертпен келіп жатыр.

Халықаралық деңгейде танымал Ай Вейвей осы жылдың басында үш ай тұтқында отырған.Адам құқын қорғаушылар бұл тұтқындалу мен оған тағылған салық міндеттемелерінен жалтарды деген айыптарды суретшінің авторитарлы билікті жиі ашық түрде сынап жүруінен деп есептейді.
XS
SM
MD
LG