Accessibility links

Guljan.org сайтының журналисіне қатысты сот үкімі шықты


Алматы қаласы Медеу аудандық соты. 09 ақпан, 2010 жыл.

Алматы қаласы Медеу аудандық соты. 09 ақпан, 2010 жыл.

Бүгін Алматы қаласының Медеу аудандық соты guljan.org веб-сайтының журналисі Валерий Сургановқа қатысты үкім шығарды.

Судья Дәулет Әбдіқалықов журналисті 1 жыл 6 айға шартты түрде бостандығын шектеп, 100 мың теңге моральдық шығын өтеуге үкім кесті. Валерий Сурганов, сот үкімі бойынша, көпшілік алдында жәбірленушіден кешірім сұрап, аталмыш сайтта жарияланған мақаланы терістеуге тиіс.

Шілденің 20-сында Павлодар облыстық қаржы полициясы басқармасы бастығының орынбасары Санжар Әлиев журналистің үстінен «ауыр қылмыстар жасады деген жалған ақпарат таратты» деп шағым түсіріп, моральдық шығын ретінде 10 миллион теңге талап еткен. Шағымға журналистің guljan.org сайтында жариялаған «Князьки» финпола. Часть II» атты мақаласы себеп болды.

Айыпталушы жақ бүгінгі үкіммен келіспей, апелляцияға беретінін айтты.
XS
SM
MD
LG