Accessibility links

Юлия Тимощенкоға қосымша төрт айып тағылды


Юлия Тимощенко Киевте түрмеде отыр. 04 қараша, 2011 жыл.

Юлия Тимощенко Киевте түрмеде отыр. 04 қараша, 2011 жыл.

Украинаның бұрынғы премьер-министрі Юлия Тимощенконың адвокаты прокурордың оған қарсы жаңа төрт айып таққанын айтты.

Заңгер Сергий Власенконың айтуынша, тағылған айыптар салықтық төлемдермен және оның 1990 жылдардағы табиғи газ импорттайтын компанияны басқарған кездегі қызметімен байланысты.

Қазан айында Киев соты Юлия Тимещонконы 2009 жылы Ресейге газ импорттау туралы келісімге қол қоюға заңсыз нұсқау бергені үшін кінәлі деп тауып, жеті жылға соттаған.

Батыс мемлекеттері Тимощенканың сотты болуында саяси астар бар деп есептейді. Оппозиция жетекшісі Юлия Тимощенко президент Виктор Янукович өзінен саяси тұрғыда кек алды деп есептейді. Ол өзі басқарған "Біртұтас энергетикалық жүйелер" компаниясын басқарып тұрған кезде заң бұзушылықтарға бармағанын айтады.

Компания 1995 жылдан 1997 жылға дейін Ресей газын Украинаға импорттап келген.
XS
SM
MD
LG