Accessibility links

Еуропадағы қаржы дағдарысы Италияға әсер ете бастады


Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони. 14 қыркүйек, 2011 жыл.
Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони. 14 қыркүйек, 2011 жыл.
Еуропадағы қаржы дағдарысы Италияға әсер ете бастады. Италияның мемлекеттік облигациялардан түсетін кірісі 6,67 пайызға өсіп кеткен. Бұл - еуро айналымға шыққан 1999 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш.

Егер бұл көрсеткіш 7 пайызға жететін болса, әлемде экономикалық қуаты жөнінен сегізінші орында тұрған Италия 1,9 триллион еуро қарызын қайтара алмай, ол да Грекия, Ирландия мен Португалия сияқты халықаралық қауымдастықтан көмек сұрайтын болады. Кіріс өскен сайын үкіметтер қарыздың пайызын жоғарылатып төлеуі керек болатын.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони өзіне қатысты "қарызды қысқарту мен кірісті арттыруға арналған шараларды атқара алмайды деген қауіппен отставкаға кеткелі жатыр" деген хабарды жоққа шығарды. Берлусконидің жағдайы бүгін парламентте мемлекеттің қаржысына байланысты дауыс беру кезінде белгілі болады.

Еуропалық банк Еуропалық одақ пен Халықаралық валюта қорымен бірлесе отырып, Италияның өзіне міндеттеп алған экономикалық реформаларын жүргізілуін қадағалайды.
XS
SM
MD
LG