Accessibility links

АҚШ "Иранға қарсы әскери операция болуы ықтимал" дейді


Бушер атом электр станциясының сыртқы көрінісі. Иран, 12 қыркүйек, 2011 жыл.
Бушер атом электр станциясының сыртқы көрінісі. Иран, 12 қыркүйек, 2011 жыл.
Вашингтон Иранның ядролық мүмкіншіліктері жөніндегі БҰҰ-ның жаңа баяндамасында "Ақ Үйдің осы мәселеге қатысты алаңдаушылығы айтылады" деп үміт етеді.

Вашингтон Иран өзінің халықаралық міндеттемелерін де орындаған жоқ деп санайды. Ақ Үй өкілі Джей Карни Иранның ядролық мәселесін әскери жолмен шешу жолдары қарастырылып жатқанын, бірақ дипломатиялық қадамдарға басымдық беріліп отырғанын айтты.

Дипломаттар БҰҰ-ның жаңа баяндамасы Иранның ядролық қару жасау бағдарламасын жетілдіру жағын зерттеуге көңіл бөледі деп отыр.

Ал Иран ядролық қару жасауға ұмтылып отырмағанын айтады.
XS
SM
MD
LG