Accessibility links

Белградта Балқан соғысы босқындарының жағдайы талқыланды


Балқан түбегінің картасы.
Балқан түбегінің картасы.
Балқан түбегіндегі елдерге 1990 жылдары Балқан соғысынан бері аймақта тұрып келе жатқан босқындардың қиын жағдайын жеңілдету үшін 688 миллион АҚШ доллары қажет.

Белградқа жиналған Сербия, Босния, Хорватия және Черногорияның басшылары босқындарға арнап бөлінетін қаржы көлемін арттыру үшін келесі жылы донор елдердің конференциясын өткізетіндерін мәлімдеді. Төрт ел бүгін мигранттарға арналған барлық орталықтарды жабуға және 74 мың адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді тоқтатуға бағытталған бесжылдық жоспар жасады.

БҰҰ, АҚШ пен Еуроодақ бұл жоспарды қолдады. АҚҚ мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дэвид Робинсон "батыс Балқандағы босқындар мәселесіне нүкте қоятын уақыт болды" деді.

1990 жылдары Югославия ыдырағаннан кейін болған этникалық қақтығыстарда жүз мыңдаған адам елін тастап, босып кеткен болатын.
XS
SM
MD
LG