Accessibility links

Алматыда екі полиция қызметкерін атып кетті


Алматы облыстық ІІД бас ғимараты. Талдықорған, 3 қыркүйек, 2008 жыл.

Алматы облыстық ІІД бас ғимараты. Талдықорған, 3 қыркүйек, 2008 жыл.


Алматы қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, қанға боялған екі полиция қызметкері қарашаның 8-і күні кешке қарай Райымбек даңғылының бойынан, Саин және Момышұлы көшелерінің арасынан табылған. Олар белгісіз қарудан атылған оқтан жараланған.

Департаменттің хабарлауынша, жарақат алған полицей Мақсат Дабылов оқиға орнында қайтыс болған. Ал оның әріптесі Ғалымжан Әбдіров жедел жәрдем көлігінде көз жұмды.

Қылмыстық оқиғаның басқа да белгілері анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG