Accessibility links

Италия премьер-министрі отставкаға кететінін айтты


Сильвио Берлускони Италия парламентінде. Рим, 14 қыркүйек, 2011 жыл.

Сильвио Берлускони Италия парламентінде. Рим, 14 қыркүйек, 2011 жыл.

Италия премьер-министрі Сильвио Берлускони ел президентіне келесі аптада үкіметтің экономикалық тұрақтылық туралы заң жобасы мақұлданғаннан кейін отставкаға кететінін айтты.

Берлускони үкіметі бүгін парламентте негізгі дауысқа ие болғанымен, басымдық беретін 316 дауысты жинай алмады. Италияның болашақ бюджетін мақұлдауға негіз болатын 2010 жылғы мемлекеттік бюджеті 308 дауыспен бекітілді. Дауыс беру Сильвио Берлусконидің басшылық қабілетіне күмән келтіру мен Италияның орасан зор мемлекеттік қарызына алаңдаушылық үдеп тұрған кезде болып отыр.

Сильвио Берлускони парламентте көпшіліктің қолдауына ие бола алмай қалғаннан кейін ел президенті Джорджо Наполитано онымен бір сағатқа жуық уақыт әңгімелесті.
XS
SM
MD
LG