Accessibility links

"Стан ТВ" порталының журналистеріне шабуыл жасағандар анықталғаны хабарланды


"Стан ТВ" бейнепорталының ресми веб-сайты. 2 маусым, 2011жыл.

"Стан ТВ" бейнепорталының ресми веб-сайты. 2 маусым, 2011жыл.

"Қазақстан жаңалықтары" агенттігі ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Оразға сілтеме жасап, "Стан ТВ" бейнепорталының журналистеріне шабуыл жасаған екі адамға халықаралық іздеу жарияланғанын хабарлады.

Нұрділдә Ораздың айтуынша, жедел тергеу тобы журналистерге шабуыл жасаған адам - Ақтау қаласының 35 жастағы тұрғыны Руслан Гасанов пен 25 жастағы тағы бір тұрғынды анықтаған.

"Жәбірленушілер шабуыл жасады деген күдіктілердің суретін таныды. Тергеу шараларының нәтижесінде күдіктілердің журналистерге шабуыл жасағаны дәлелденді. Оларға айып тағылып, бұлтартпай тұтқындау шаралары қолға алынды" дейді ресми өкіл.

Қазанның 26-сы күні Ақтауда "Стан ТВ" бейне порталының журналистері Өркен Бисенов пен оператор Асан Амиловты белгісіз біреулер соққыға жығып, резеңке оқпен атқанын бұған дейін Азаттық радиосы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG