Accessibility links

Жақсыбек Құлекеев және бірнеше бизнесмен «Ақ жол» партиясына мүше болды


Жақсыбек Құлекеев. Астана, 7 қараша 2008 жыл.

Жақсыбек Құлекеев. Астана, 7 қараша 2008 жыл.

«Жақсыбек Құлекеев «Ақ жол» партиясының қатарына өтті» деп хабарлайды партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

«Ақ жолдың» төрағасы Азат Перуашевтің айтуынша, партия қатарында «Мұнай және газ институты» АҚ басқарушы директоры Жақсыбек Құлекеев, «Азия-Авто» АҚ президенті Ержан Мандиев, Жоғарғы соттың департамент директорының орынбасары Жазбек Әбдиев, бұрынғы ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев, т.б. бизнесмендер бар.

Агенттіктің хабарлауынша, партия қатарына қазір 180 мыңнан астам адам кірген.

Жақсыбек Құлекеев 2008 жылы пара алды деген күдікпен ұсталып, 3 жылға сотталып, өткен жылдың соңында шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан.
XS
SM
MD
LG