Accessibility links

Депутаттар президентке мәжілісті таратуды ұсынды


Қазақстан парламентінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан парламентінің ғимараты. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Бүгін мәжіліс депутаттары президент Нұрсұлтан Назарбаевқа мәжілісті тарату туралы өтініш жасады деп хабарлайды "Интерфакс Казахстан" ақпарат агенттігі.

Агенттіктің хабарлауынша, президентке мәжілісті мерзімінен бұрын тарату туралы жасалған өтінішке барлығы 53 депутат қол қойған. Олар өз өтініштеріне себеп болған алты жағдайды баяндаған.

"Мәжіліс сайлауы 2012 жылдың тамызында өтуі керек болатын. Бірақ қазір қоғамда парламент құрамының ауысуы мүмкін деген әңгіме көп жүріп жатыр. Заң бойынша, біз президентке мәжілісті тарату туралы өтініш білдіре аламыз" деді парламентте мәжіліс депутаты Нұртай Сабильянов.

Парламент туралы заңға сәйкес, президент депутаттармен және премьер-министрмен кеңесе отырып, мәжілісті таратуы мүмкін.

Қазақстан праламенті бұған дейін 1993, 1995 және 2007 жылы үш рет таратылған болатын.
XS
SM
MD
LG