Accessibility links

Шалқар Оразалин аштық жариялауды тоқтатты


Тұтқын Шалқар Оразалин аузын тігіп жатыр. Алматы. 27 қазан 2011 жыл.
Тұтқын Шалқар Оразалин аузын тігіп жатыр. Алматы. 27 қазан 2011 жыл.
Қырғыз журналисі Геннадий Павлюктің өліміне қатысты сотталған Шалқар Оразалин аштық жариялауды тоқтатты. Бұл туралы бүгін Азаттық радиосына оның қорғаушысы Айгүл Ербөлекова хабарлады.

Ол қарашаның 9-ы күні Алматыдағы тергеу абақтысының қызметкерлерімен сөйлескеннен кейін аштық жариялауды тоқтатқан.

Тергеу абақтысының бастығы Манас Тұяқбаевтың айтуынша, Шалқар Оразалиннің қазір аузын тіккен жібі алынған және дәрігерлердің қарауына жіберіліп, тиісті ем алып жатыр.

11 жылға сотталған Шалқар Оразалиннің қазанның 27-і күні сот үкіміне наразылық танытып, аузын тігіп тастағаны жөнінде Азаттық радиосы хабарлаған болатын.
XS
SM
MD
LG