Accessibility links

АҚШ 7 адамды қауіпті компьютерлік бағдарлама жасады деп айыптады


Интернет браузерлері.
Интернет браузерлері.
АҚШ билігі Эстония мен Ресейде тұратын жеті адамға дүние жүзіндегі миллиондаған компьютерді зақымдаған қауіпті бағдарлама жасағаны үшін айып тақты.

Манхэттеннің федеральдық сотының айтуынша, күдіктілер жалған компаниялар құрып, заңды жарнама веб-сайттарымен келісім-шарт жасасып, интернет трафигін олардың интернет парақшасына жіберіп отыруға келіскен.

Жүзге тарта ел, оның ішінде АҚШ-тың өзінде 4 миллионға жуық компьютер күдіктілер жасаған жалған бағдарламадан зардап шеккен. NASA-ның да 130 компьютері зақымданған. Күдіктілер жасаған бағдарлама интернет пайдаланушылардың браузерін онлайн жарнамалаушыларға қарай бұрып жібереді. Айыптау қорытындысында күдіктілерге жалған жарнама берушілер төрт жыл бойы 14 миллион АҚШ долларын төлегені айтылады.
XS
SM
MD
LG