Accessibility links

Сарыбай Қалмырзаев "Свобода слова" газетін сотқа берді


Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев. Алматы. 12 қазан, 2010 жыл.
Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев. Алматы. 12 қазан, 2010 жыл.
Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев "Свобода слова" газетінің үстінен сотқа шағым түсірді.

Бұл туралы Қалмырзаевтың қорғаушысы Евгений Гончаровқа сілтеме жасаған "Тенгриньюс" агенттігі хабарлады. Агенттіктің хабарлауынша, Сарыбай Қалмырзаев Алматы қаласы Медеу аудандық сотына "Свобода слова" басылымы мен оның бас редакторы Евгений Рахымжановтың үстінен өзінің ар-намысын қаралайтын мақаланы терістеуді талап етіп шағым түсірген.

Евгений Гончаровтың айтуынша, Қалмырзаев мақалада келтірілген деректерді дәйексіз, ал журналистің қорытындылары ар-намысына нұқсан келтіреді деп санайды. Ол осыған байланысты шағымданушының моральдық өтемақы талап етуі де мүмкін екенін айтты.

Сарыбай Қалмырзаев 2004 және 2008 жылдары араға үзіліс салып Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарды. 2008-2011 жылдары Қазақстан президентінің іс басқарушысы қызметін атқарды.
XS
SM
MD
LG