Accessibility links

Еуропа одағы келесі жылы қайтадан қаржы дағдарысына ұшырауы мүмкін


Франкфурттегі Еуропаның орталық банкі ғимараты алдында тұрған еуро белгісі. Германия. 2 тамыз, 2011 жыл.

Франкфурттегі Еуропаның орталық банкі ғимараты алдында тұрған еуро белгісі. Германия. 2 тамыз, 2011 жыл.

Еуропалық комиссия бүгін Еуроодаққа кіретін 17 елге бұл одақтың келесі жылы қайтадан дағдарысқа ұшырауы мүмкін екенін ескертті.

Бұған Еуроодақтағы экономикалық қуаты жөнінен үшінші орында тұрған Италияның да қаржы дағдарысына ұшырай бастауы себеп болып отыр.

Еуроодаққа кірмейтін Ұлыбританияның премьер-министрі Дэвид Кэмерон: "Италияның қаржы дағдарысына ұшырауы еуроға тікелей қауіп төндіреді" деді. Халықаралық валюта қорының басшысы Кристин Лагард Италия мен Грекияны "саяси тұрғыдан айқын ойлауға" шақырды.

Ал Италияның ақпарат құралдары бүгін Еуроодақтың бұрынғы комиссары Марио Монтиді премьер-министр Сильвио Берлускониді алмастыратын адам деп атай бастады. Берлускони парламент елді қаржы дағдарысынан алып шығатын қатаң экономикалық шараларды мақұлдағаннан кейін отставкаға кетуге уәде берген болатын.

Италия - Еуропа одағындағы Грекиядан кейін қаржы дағдарысына ұшырап отырған екінші ел.
XS
SM
MD
LG