Accessibility links

Грекияның жаңа премьер-министрі анықталды


Грекияның жаңа премьер-министрі Лукас Пападемос. Афины, 10 қараша, 2011 жыл.
Грекияның жаңа премьер-министрі Лукас Пападемос. Афины, 10 қараша, 2011 жыл.
Еуропа орталық банкінің бұрынғы вице-президенті Лукас Пападемос Грекияның премьер-министрі болып ресми түрде танылды.

Бұл шешімге елдегі 4 күнге созылған саяси күштердің арасындағы келіссөздердің нәтижесінде қол жетті. Лукас Пападемос басқаратын уақытша үкімет Грекияның Еуроодақ пен Халықаралық валюта қорынан алатын 130 миллиард еуросын іске жаратуы керек.

Пападемос ақпарат құралдарына Грекияның Еуроодаққа мүше болғаны оның қаржылық тұрақтылығына кепіл бола алатынына сенімді екенін айтты. Германия канцлері Ангела Меркель Берлинде Германия үкіметінің басты бағыты Еуроодақтың қазіргі күйіндегі тұрақтылығын сақтап қалу екендігін жеткізді.

Дағдарыстан құтқаратын көмек қаржы болмағанда Грекия бірнеше аптаның ішінде қаржысыз қалып, еуро кеңістіктен шығып кететін еді.
XS
SM
MD
LG