Accessibility links

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі Палестинаның ұйымға мүше болуын талқылайды


БҰҰ қауіпсіздік кеңесі. Нью-Йорк. 4 қазан, 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі. Нью-Йорк. 4 қазан, 2011 жыл.

БҰҰ қауіпсіздік кеңесі бүгін ұйымның қабылдау комитеті Палестина автономиясын БҰҰ-ға мүшелікке ұсынуға құзыретті емес деген мәселені талқыламақ.

БҰҰ-ның қабылдау комитеті Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббастан өтініш түскен қыркүйектің аяғынан бері бірнеше рет жабық кездесулер өткізген. Оның нәтижесінде қабылдау комиссиясы Палестинаны ұйымға мүшелікке алу жөнінде шешім шығарған.

Палестиналық басшылар осы аптаның басында БҰҰ қауіпсіздік кеңесінің 15 мүшесінің қажетті тоғыз дауысын жинай алмауы мүмкін екендіктерін айтқан.

Франция мен Ұлыбритания дауыс беруден қалыс қалатындарын мәлімдеді. Германия, Босния, Колумбия және Португалия да қалыс қалуы мүмкін. АҚШ вето қоятынын айтып, ескертті.

БҰҰ дипломаттары Палестинаның ұйымға мүше болуын Ресей, Қытай, Үндістан және Ливан мен Бразилия қолдауы мүмкін екендігін айтады. Нигерия мен Габон мемлекеттерінің ұстанымдары белгісіз.
XS
SM
MD
LG