Accessibility links

Human Rights Watch ұйымы Сирияны халықаралық сотқа тартуды ұсынды


Human Rights Watch ұйымының белгісі.

Human Rights Watch ұйымының белгісі.

Халықаралық Human Rights Watch ұйымы бүгін Сирияның үкіметтік күштерін "адамзатқа қарсы қылмыс" жасады деп айыптады. Ұйым үкімет күштері наразылық жүріп жатқан Хомс провинциясында бейбіт тұрғындарға қарсы зорлық-зомбылығына жасалып отырғанын айтады.

Ұйымның бүгін жасаған баяндамасында үкімет күштері сәуірдің ортасынан тамыздың аяғына дейін Хомс провинциясында кемінде 587 бейбіт тұрғынды өлтіргені айтылады. Ұйымның Таяу Шығыс аймағы бойынша директоры Сара Ли Уитсон Хомс провинциясын "Сирия билігі жасап отырған зұлымдықтың орталығы" деп атайды.

Араб елдері лигасының сенбі күні болатын кезектен тыс жиынының қарсаңында жариялаған баяндамасында халықаралық ұйым араб елдерін Сирияның лигаға мүшелігін тоқтатуды талап етті.

Human Rights Watch ұйымы сондай-ақ лиганың 22 мемлекетін БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесіне Сирияға қару-жарақ жеткізуге эмбарго қоюға және Башар әл-Асадтың режиміне қатысы бар адамдарға қарсы санкция енгізуге ұсыныс жасауға шақырды.

Ұйым сондай-ақ Сирияны халықаралық қылмыстық сотқа да тартуды ұсынды.
XS
SM
MD
LG