Accessibility links

Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш қойылды


Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы саябақта ашылған Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші. Алматы, 11 қараша 2011 жыл.

Бүгін Алматыда Қазақстанның тұңғыш президенті атындағы паркте президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арналған ескерткіш ашылды.

Ескерткіштің ашылу салтанатына билік өкілдері, өнер және мәдениет өкілдері қатысты. Олардың арасында Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы Дариға Назарбаева, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов бар.

Ахметжан Есімов ескерткішті Қазақстанның суретшілер, сәулетшілер, дизайнерлер мен қала құрылысшылары одақтары тұңғыш президент туралы Конституциялық заңның 9-бабына сәйкес өз қаржыларына орнатқанын айтты.

25 қазан күні бұл одақтар Нұрсұлтан Назарбаевқа "Қазақстан" атты монументалды ескерткіштер композициясын тұрғызуды ұсынған болатын.

Ескерткіш қола, гранит және мәрмәрдан жасалған.
XS
SM
MD
LG