Accessibility links

Ресей Тәжікстанның 100-ге жуық азаматын елден шығарады


Екатеринбург қаласындағы Тәжікстаннан келген жұмысшы мигранттар. 1 қараша, 2009 жыл.
Екатеринбург қаласындағы Тәжікстаннан келген жұмысшы мигранттар. 1 қараша, 2009 жыл.
Ресейдің миграциялық қызметі Тәжікстанның жүзге тарта жұмысшы мигранттарын бірнеше күннің ішінде елден шығаратынын айтты.

Ол жұмысшы мигранттарға енді Ресей аумағына бес жылға дейін кіруге тыйым салынбақ. Миграциялық қызметтің хабарлауынша, Ресейге жыл сайын жұмыс істеуге 700 мыңнан астам тәжік азаматы келеді.

Ресей мен Тәжікстанның арасында виза талап етілмейді. Бірақ жұмыс істеуге келетін адамдар рұқсат алуы қажет.

Тәжікстан азаматтары жұмыс істеуге көбінесе Мәскеу мен оның айналасына, Санкт-Петербургке келеді.
XS
SM
MD
LG