Accessibility links

Ауғанстанда қарулы адамдар екі әйелді "зина жасады" деп өлтіріп кетті


Турхам Нангархар аймағында карьердің жанынан балаларымен ертіп өтіп бара жатқан ауғандық әйел. Ауғанстан. 5 қазан, 2011 жыл.

Турхам Нангархар аймағында карьердің жанынан балаларымен ертіп өтіп бара жатқан ауғандық әйел. Ауғанстан. 5 қазан, 2011 жыл.

Бүгін Ауғанстанның шығысындағы Газни провинциясында қарулы екі адам жесір әйелдің үйіне басып кіріп, оны қызымен қоса өлтіріп кетті.

Полицияның хабарлауынша, қарулы адамдар екі әйелді "бейәдеп қылық жасады" деп айыптаған.

Қаза тапқан әйелдің көршілері мен атын атамаған шенеуніктер шешесі мен қызының өліміне тәліптерді кінәлайды. Олардың айтуынша, тәліптер әйелдерді "бейәдеп әрекетке барып, зина жасады" деп айыптаған.

Тәліптер биліктен қуылғаннан кейін Ауғанстанның біраз жерінде әйелдердің құқығы жақсара бастаған болатын. Алайда Газни сияқты тәліптердің ықпалы күшті аймақтарда әлі де әйелдерге зорлық-зомбылық жасалады.
XS
SM
MD
LG