Accessibility links

Назарбаевтың туысы Астана қалалық ҰҚК департаментіне басшы болды


ҰҚК Алматы қалалық департаментінің ғимараты. 30 қараша, 2009 жыл.

ҰҚК Алматы қалалық департаментінің ғимараты. 30 қараша, 2009 жыл.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) төрағасы Нұртай Әбіқаев комитеттің Астана қалалық департаментінің бастығы қызметіне Самат Әбішті тағайындады.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, 33 жастағы полковник Самат Сатыбалдыұлы Әбіш "2006-2008 жылдары әділет министрлігі тіркеу қызметі комитеті бастығының орынбасары, 2008-2009 жылдары әділет министрлігінде жауапты хатшы қызметтерін атқарды, 2009 жылдың желтоқсанынан осы кезге дейін ҰҚК кадр ісі департаментінің бастығы болды" деп жазады ҰҚК ресми сайты.
XS
SM
MD
LG