Accessibility links

Прокуратура: Таразда 7 адам қаза болды


"Тараздағы атыс пен жарылыста қаза болған адам саны 7-ге жетті, олардың бесеуі - полиция қызметкерлері" деп хабарлайды Бас прокуратура.

Сенбі күні Астанада Қазақстан бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев шұғыл брифинг өткізді. Исаевтың мәлімдемесінде Тараздағы жарылысқа 1977 жылы туған М.К.Кариев есімді азаматтың қатысы бар екендігі және оның джихатты үгіттегендігі айтылды.

Бұдан бұрын Қазақстан ішкі істер министрлігі бүгін Жамбыл облысы Тараз қаласындағы атыс пен жарылыста 5 адам мерт болды деп хабарлаған болатын.

"Қарашаның 12-сінде Тараз қаласындағы бір қару-жарақ дүкеніне қарақшылық шабуыл жасалып, бір күзетші өлтірілді, тағы бір адам жараланды. Сонымен қатар 2 "Сайга" мылтығы ұрланды. Шабуылдан кейін қылмыскер қашып кетті", - делінген сенбі күні министрліктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

"Қылмыскерді қолға түсіру барысында 2 полиция қызметкері оққа ұшты. Орталық дүкендердің бірі жанында тұтқындау операциясы барысында жараланған қылмыскер өзін-өзі жарып жіберді, нәтижесінде полиция қызметкері қаза болды", - делінген министрлік баспасөз қызметінің мәлімдемесінде.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG