Accessibility links

АҚШ пен Қытай Иран мәселесінде ортақ ұстанымға келді


АҚШ президенті Барак Обама. Гонолупу, 14 қараша 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Гонолупу, 14 қараша 2011 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама Қытай мен Ресей "Иранның ядролық бағдарламасы мәселесінде АҚШ-пен ортақ ұстанымға келгенін" айтты.

Гавайиде өткен Азия және Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінің жабылуында сөйлеген Обама Ақ үйдің екі елмен Иранға ядролық қару жасатпау жолдарын кеңесетін болады деп мәлімдеді.

Ол Дмитрий Медведев және Ху Цзинтаомен сөйлесіп, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін дипломатиялық жолмен шешкенді қалайтынын, бірақ кез-келген ұсынысты қабылдай бермейтінін айтты.

Өткен аптада МАГАТЭ Иранның ядролық қару жасауға қажет құрылғыларды сынақтан өткізіп, ары қарай да жұмыс істеп жатқанын мәлімдеген. Иран оны жоққа шығарып, ядролық бағдарлама бейбіт мақсатты көздейтінін айтты.
XS
SM
MD
LG