Accessibility links

Сирия араб елдерінің саммитін өткізуге шақырды


Үкіметке наразылық танытушылар Идлиб қаласында шеру өткізіп жатыр. 11 қараша, 2011 жыл.
Үкіметке наразылық танытушылар Идлиб қаласында шеру өткізіп жатыр. 11 қараша, 2011 жыл.
Сирия Араб лигасы құрамынан шығып қалмау үшін араб лигасы елдерінің саммитін өткізуді шақырды. Ел үкіметі саммитті "Сириядағы дағдарыстың араб елдеріне тигізетін кері әсерлерін талқылау үшін" шақырып отырғанын айтады.

Жексенбі күні араб лигасы құрамына кіретін елдер 16 қарашадан бастап Сирияны елдегі наразылықтарды тоқтату туралы келісімді орныдамағаны үшін араб лигасына мүшеліктен шығаруға дауыс берген болатын.

Кешке қарай үкіметті жақтайтын мыңдаған адам Сирияны лига құрамынан шығаруды қолдап дауыс берген Катар мен Сауд Арабиясының елшіліктеріне, Түркияның дипломатиялық миссиясына шабуыл жасады. Анкара араб лигасының шешіміне қолдау білдірген.

Бұған жауап ретінде Түркия Сириядан өз елшілерін шығаруға тапсырма берді.
XS
SM
MD
LG