Accessibility links

Ауғанстанда сәрсенбіде бүкілхалықтық ақсақалдар кеңесі өтеді


Ауғанстанның дәстүрлі Лойя-джирга кеңесінің белгісі. 9 қараша, 2011 жыл.

Ауғанстанның дәстүрлі Лойя-джирга кеңесінің белгісі. 9 қараша, 2011 жыл.

Ауғанстанда тәліптер "алда келе жатқан ұлттық мейрамды өткізудің жоспары қолдарына түскенін" хабарлады. Олар өздерінің веб-сайттарында іс-шара өтетін орын мен онда жүргізілетін қауіпсіздік шараларының сызбасын жариялады.

Алайда Ауғанстанның ішкі істер министрлігі "құжаттар жалған, ал тәліптер дәстүрлі Лойя-джирга - бүкілауғандық ақсақалдар кеңесіне қатысатындарды қорқытқысы келеді" деп мәлімдеді.

Ауғанстанда бейресми түрде елдегі бүкілхалықтық мәселелерді шешетін ақсақалдар кеңесі биыл 16 қарашада Кабулде басталады. Оған 2 мыңға жуық ру өкілдері, саясаткерлер қатысады. Бұл жолғы жиында Ауғанстанның АҚШ-пен ұзақ мерзімді қарым-қатынасы және көтерілісшілермен бітімге келу мәселесі қарастырылады.
XS
SM
MD
LG