Accessibility links

Тараздағы жарылыста қаза тапқан 5 полиция өкілі жерленді


Тараз қаласында террорлық шабуыл кезінде қаза тапқан 5 қауіпсіздік қызметкерін жерлеу рәсімі өтті. Олармен қоса тағы екі адам сенбі күні 34 жастағы Қариев деген азаматтың қарулы шабуылынан мерт болған.

Тараз қаласының тұрғыны құрбан болған 5 адамды құқық қорғау органдарының "Динамо" спорт кешенінен шығарды деп хабарлады.

Таразда сенбі күні болған атыс пен жарылыстарға қатысты Астанада Қазақстан бас прокурорының орынбасары Нұрмаханбет Исаев шұғыл брифинг өткізіп, Тараздағы жарылысқа 1977 жылы туған М.Қариев есімді азаматтың қатысы бар екендігі және оның джихатты үгіттегендігі мәлім болды деп айтқан.

Хабарларға қарағанда, Тараздағы террорлық шабуылдан тағы үш адам қатты жараланған.
XS
SM
MD
LG