Accessibility links

Нұрсұлтан Назарбаев: «Терроризмді басуға Қазақстанның күші жетеді»


Қазақстан президентінің резиденциясы. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан президентінің резиденциясы. Астана, 27 қазан 2011 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкімет мүшелерін жинап, Тараздағы террорлық шабуылдан кейін елдегі қауіпсіздік жағдайын талқылады.

Сенбі күні Таразда 1977 жылы туған Қариев деген азамат құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қарулы шабуыл жасап, ҰҚК-нің екі қызметкерін, үш полицейді, екі бейбіт тұрғынды өлтірген еді.

«Қазақстанға қарсы жасалған кез-келген террористік әрекетті басуға мемлекеттің мүмкіндігі де, күші де, кәсіби қарымы да, шамасы да жетеді» деген Қазақстан президенті «отанына қызмет ету барысында қаза болған күш құрылымдарының қызметкерлері ерлік танытты» дей келе, олардың отбасыларына көңіл айтты.
XS
SM
MD
LG