Accessibility links

Өзбекстан Қазақстанға сататын газын азайтты


Өзбекстан Қазақстанға экспорттайтын газ көлемін айтарлықтай шектегендіктен Қазақстанның оңтүстігі газды енді Түркіменстаннан алады деді бүгін Қазақстанның мұнай және газ вице-министрі Берік Толымбаев.

"Өзбек жағы сұралған 397 мың текше метр газды 100 мың текше метрге дейін азайтты" деді ол үкімет отырысында. Оның айтуынша, елге түркімен газы жете бастаған қарашаның 12-сінен бастап жағдай тұрақталды.

Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің айтуынша, мегаполисті газбен қамтамасыз ету мәселесі жылда туындайды. Оның айтуынша, наубайханалардың бәрі газбен жұмыс істегендіктен өткен аптада Алматыда жағдай өте күрделі болды. "Өткен аптада біз жылу ғана емес, нансыз қала жаздадық" - деді әкім Есімов.

Ол түркімен газының бағасына қатысты мәселе толық шешілмегенін айта келе, бұл жағдай қайталанбас үшін жауапты мекемелерді тиісті шараларды қолға алуға шақырды.

Премьер-министр Кәрім Мәсімов жыл сайын қайталанатын газ проблемасын реттеуді министрлік пен "ҚазМұнайГаз" алдын-ала ойластырып қою керектігін ескертті.
XS
SM
MD
LG