Accessibility links

Иордания мен АҚШ "Башар әл-Асад биліктен кетуі керек" деп мәлімдеді


Сирия президенті Башар әл-Асад. 6 қараша, 2011 жыл.
Сирия президенті Башар әл-Асад. 6 қараша, 2011 жыл.
АҚШ Сирия президенті Башар әл-Асад "өзімен-өзі оқшауланып, басқару құқынан айырылғандықтан, биліктен кету керек" деп санайды.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джош Эрнст кеше, Иордания королі Абдулла "араб елдері арасында бірінші болып Башар әл-Асад биліктен кетуі керек" дегеннен кейін, осылай деп мәлімдеді.

Еуропа одағы да Сирия билігіндегі 18 адамға Еуроодақ аймағына сапар шегуге тыйым салып, олардың есеп-шоттарын жабатынын мәлімдеді.

Еуроодақ осымен Сирия билігіндегі 74 адамға қарсы санкция салып отыр. Сирияда дүйсенбі күні де ондаған адам өлтірілді деп хабарланды.

БҰҰ мәліметі бойынша, үкіметке қарсы наразылық басталған наурыз айынан бері Сирияда 3,5 мыңнан астам адам қаза тапты. Сирия билігі наразылық танытушыларды "басбұзар", "қарақшылар" деп айыптап келеді.
XS
SM
MD
LG