Accessibility links

2012 жылғы Лондон олимпиадасын жер-әуе зымырандары қорғауы мүмкін


2012 жылғы Лондон олимпиадасы белгісінің алдында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).
2012 жылғы Лондон олимпиадасы белгісінің алдында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).
Ұлыбританияның қорғаныс министрі Филипп Хэммонд 2012 жылы өтетін олимпиада ойындарында қажет болған жағдайда жер-әуе зымырандары пайдаланылуы мүмкін екендігін айтты.

Парламентте сөйлеген қорғаныс министрі әскерилер кеңес берсе, зымырандар қажетті дайындыққа келтіріледі деді. Сондай-ақ, олимпиада кешендерінің қауіпсіздігі тексерілген соң, спорт ойындары өтетін аумаққа мыңдаған британ сарбаздары орналастырылады. Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін полицейлердің саны бұдан екі есе көп болуы мүмкін.

1972 жылы Мюнхенде өткен жазғы олимпиада ойындары кезінде Израильдің 11 спортшысы мен жаттықтырушысы өлтірілгеннен бері олимпиада ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты орынға шыққан әрі ол көп шығынды қажет етеді.
XS
SM
MD
LG