Accessibility links

1 желтоқсанда Алматы метросы іске қосылады


Алматы метросы. Алматы, 22 қазан 2011 жыл.
Алматы метросы. Алматы, 22 қазан 2011 жыл.
1 желтоқсанда Алматы метросы іске қосылатынын хабарлады Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Сейдумановқа сілтеме жасаған ҚазТАГ ақпарат агенттігі.

"1 желтоқсанда метроны ашуды жоспарлап отырмыз. Екінші кезеңінің жұмыстары басталып кетті. Екі жыл ішінде екінші кезеңін іске қосамыз. Ол кезде Қалқаман шағын ауданынан Райымбек даңғылына дейін еркін жүріп өтуге болады. Ал қазіргі сегіз станция мәселені шешпейді" дейді Серік Сейдуманов.

Оның айтуынша, метрода жол жүру құны әлі шешілген жоқ, қазір анықталып жатыр.
XS
SM
MD
LG