Accessibility links

Қазақстан президенті мәжілісті тарату туралы жарлыққа қол қойды


Төртінші шақырылымдағы Қазақстан парламентінің V сессиясының ашылуы. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Төртінші шақырылымдағы Қазақстан парламентінің V сессиясының ашылуы. Астана, 1 қыркүйек 2011 жыл.

Президент Назарбаев Қазақстан парламентінің мәжілісін таратып, 2012 жылы қаңтардың 15-і күні елде мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауын өткізу туралы жарлық шығарды.

Бүгін ресми баспасөзде жарияланған жарлықта:

«1. Төртінші шақырылған Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі таратылсын.

2. Партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 15 қаңтарға тағайындалсын.

3. Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2012 жылғы 16 қаңтарға тағайындалсын» деп жазылған.
XS
SM
MD
LG