Accessibility links

ХВҚ Ауғанстанға 134 миллион АҚШ долларына тең несие береді


Вашингтондағы ХВҚ-ның штаб-пәтері. 16 марыр, 2011 жыл.
Вашингтондағы ХВҚ-ның штаб-пәтері. 16 марыр, 2011 жыл.
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) Ауғанстанға 134 миллион АҚШ долларына тең несие беретін болды. Несиенің алғашқы 19 миллионы таяуда бөлінеді.

ХВҚ Ауғанстанға бағытталған несие бағдарламасын елдегі ең ірі жекеменшік Кабул банктің айналасындағы даудан кейін тоқтатқан. Банк миллиондаған доллар қаржыны күмәнді және алаяқтық жолмен несиеге берген болатын.

ХВҚ басшылары ауған үкіметі қаржы жүйесін қалпына келтіріп, Кабул банкінен ұрланған қаржының орнын толтырып жатқанын айтты.

Алайда ХВҚ атқарушы директорының орынбасары Немат Шафик ауған үкіметі өткен жылы банк күйреген кезде қолды болған 1 миллиард АҚШ долларының орнын толтыруы керек деп отыр.
XS
SM
MD
LG