Accessibility links

Қырғызстанның жаңа президенті желтоқсанның 1-інде қызметіне кіріседі


Алмазбек Атамбаев. Бішкек. 1 қараша, 2011 жыл.
Алмазбек Атамбаев. Бішкек. 1 қараша, 2011 жыл.
Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Алмазбек Атамбаев желтоқсанның 1-інен бастап президенттік қызметіне кіріседі деп хабарлайды Азаттық радиосының Қырғыз қызметі.

"Қазіргі президент Роза Отунбаева Алмазбек Атамбаевқа президенттік өкілеттілікті өткізіп беру рәсімін сән-салтанатпен өткізбейді, салтанатты баяндама арқылы ғана тапсырады" дейді Роза Отунбаеваның парламенттегі өкілі Данияр Нарынбаев. Роза Отунбаева елді 2010 жылдың сәуірінде Құрманбек Бакиев биліктен қуылғаннан бері басқарып келеді.

Алмазбек Атамбаев қазанның 30-ы күні өткен президент сайлауында жеңіске жеткен болатын.
XS
SM
MD
LG