Accessibility links

АҚШ Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікті күшейтпек


Барак Обама Канберрада парламент үйінде сөз сөйлеп тұр. Австралия. 16 қараша, 2011 жыл.

Барак Обама Канберрада парламент үйінде сөз сөйлеп тұр. Австралия. 16 қараша, 2011 жыл.

Бүгін Австралия премьер-министрі Джулия Гиллардпен кездескен АҚШ президенті Барак Обама АҚШ-тың осы елдегі әскери қуатын арттыру жайында келісімге келгенін мәлімдеді.

Келісім бойынша, АҚШ келесі жылдың басында Австралияның солтүстігіне 250 теңіз жаяу әскерін орналастырады. Алдағы бес жылда әскер саны 2500-ге жетпек. Барак Обаманың айтуынша, екі ел арасындағы әскери ынтымақтастық Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікті күшейте түседі.

Барак Обаманың Австралияға екі күндік сапары екі ел арасында әскери ынтымақтастықтың 60 жыл толған күніне сай келіп отыр.
XS
SM
MD
LG