Accessibility links

Грекияның жаңа үкіметі қызметіне кірісті


Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос парламентте сөз сөйлеп тұр. Афины, 16 қараша, 2011 жыл.

Грекия премьер-министрі Лукас Пападемос парламентте сөз сөйлеп тұр. Афины, 16 қараша, 2011 жыл.

Грекия парламенті премьер-министр Лукас Пападемоас басқаратын жаңа үкіметке сенім білдіріп, үкімет қызметіне кірісті.

Премьер-министр жаңа үкіметтің алға қойып отырған басты міндеті - өткен айда Еуропа одағы саммитінде бекітілген 130 миллиард еуро көмек қаржыны ратификациялау екенін айтты. Бұл үшін елде халықтың наразылығын туғызған қатаң экономикалық шаралар жүзеге асырылады.

Грекияның бұрынғы премьер-министрі Георгиос Папандреу елдегі қаржылық дағдарыстың кесірінен өткен аптада отставкаға кеткен.
XS
SM
MD
LG