Accessibility links

Араб лигасы Сириядан үш күнде зорлық-зомбылықты тоқтатуды талап етті


Әскерден қашқандар бейбіт тұрғындарды қорғап, Сирияның қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасайтындарын мәлімдеді. Дамаск. 16 қараша, 2011 жыл.
Әскерден қашқандар бейбіт тұрғындарды қорғап, Сирияның қауіпсіздік күштеріне шабуыл жасайтындарын мәлімдеді. Дамаск. 16 қараша, 2011 жыл.
Араб лигасы Сирияға наразылық танытушыларды жазалауды тоқтатуға және елге бақылаушыларды жіберуге рұқсат етуге 3 күн уақыт берді.

Марокко астанасы Рабатта өткен лига елдері сыртқы істер министрлерінің кездесуінен кейін Катар сыртқы істер министрі шейх Хамад бен Жасем әл-Тани "Сирия бізбен ымыраға келмесе, оған қарсы санкциялар салынады" деді.

Кездесу өтіп жатқан мезгілде Дамаскіде бірнеше адам Марокко мен Біріккен араб әмірліктерінің елшіліктеріне шабуыл жасаған. Кейбір мәліметтерге қарағанда, әскерден қашқандар Дамаскіге жақын маңдағы барлау қызметінің кеңсесіне шабуыл жасап, қауіпсіздік күштерінің кемінде 6 адамын өлтірген.
XS
SM
MD
LG