Accessibility links

Италияның жаңа премьер-министрі ант қабылдады


Италияның жаңа премьер-министрі Марио Монти. Рим. 15 қараша, 2011 жыл.
Италияның жаңа премьер-министрі Марио Монти. Рим. 15 қараша, 2011 жыл.
Италияның жаңадан тағайындалған премьер-министрі Марио Монти ант қабылдап, қызметіне кірісті. Еурокомиссияның бұрынғы комиссары болған Марио Монти сондай-ақ жаңа үкіметте қаржы министрі қызметін де атқарады.

68 жастағы Марио Монти отставкаға кеткен Сильвио Берлусконидің орнына 14 қарашада премьер-министр болып тағайындалды.

Жаңа үкіметтің алдында қатаң экономикалық бағдарламаны жүзеге асыру міндеті тұр. Бұл инвесторлардың "Италия банкроттыққа ұшырамайды және халықаралық қауымдастықтан қаржылық көмек алмайды" деген сенімін қайта оятуға бағытталып отыр.

Сарапшылар Италияның дағдарысқа түсуі Еуроодақтағы өзге 17 елді де қаржылық дағдарысқа ұшыратады деп қауіптенген болатын.
XS
SM
MD
LG