Accessibility links

"Араб көктемінен" соң Еуроодақ елдерінде заңсыз мигранттар көбейді


Афиныға жақын Пирей портында кеме күтіп тұрған болашақ иммигранттар. 12 маусым, 2011 жыл.

Афиныға жақын Пирей портында кеме күтіп тұрған болашақ иммигранттар. 12 маусым, 2011 жыл.

Еуроодақтың шекаралық қауіпсіздік ведомствосы 2011 жылдың алғашқы тоғыз айында одақ шекарасында ұсталған заңсыз мигранттарының саны өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда әлдеқайда көп деді.

Frontex агенттігі директорының орынбасары Гиль Ариас Фернандес қаңтардан қыркүйекке дейін 112 мыңға жуық заңсыз мигрант ұсталғанын айтады. Бұл 2010 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 35 мыңға көп. Ол Грекия мен Түркияны "мигранттарды ұстап отыратын орталықтары аз және иммигранттар келетін елдермен репатриациялық келісімдері жасалмаған" деп айыптады.

Еуропа елдеріне күніне орта есеппен 300 адам заңсыз өтеді. Заңсыз мигранттар ең көп тіркелген наурыз айында 20 мың адам шекараны кесіп өтпек болған.
XS
SM
MD
LG