Accessibility links

"Азат" партиясы 26 қарашада съезін өткізеді


"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы. 16 қыркүйек, 2009 жыл.

"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының тең төрағасы Жармахан Тұяқбай. Алматы. 16 қыркүйек, 2009 жыл.

"Азат" жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы 26 қарашада съезін өткізеді деп хабарлайды партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайға сілтеме жасаған "Қазақстан жаңалықтары" агенттігі.

"Партияның съезін 26 қарашада өткізуге шешім қабылдадық" деді партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай.

Қарашаның 16-ы күні президент Нұрсұлтан Назарбаев парламент мәжілісін мерзімінен бұрын таратып, 2012 жылғы қаңтардың 15-інде мерзімінен бұрын мәжіліс депутаттарын сайлауды белгіледі.

Орталық сайлау комиссиясы қарашаның 16-сы күні мәжіліс депутаттығына партиялық тізім бойынша сайланатын үміткерлерді тіркеудің басталғанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG