Accessibility links

Қалмырзаевтың шағымы бойынша сотқа дейінгі тыңдау өтті


Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев.
Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев.
Бүгін, қарашаның 17-і күні Алматы қаласының Медеу аудандық сотында Қазақстан президентінің бұрынғы іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаевтың шағымы бойынша қозғалған істі алдын-ала қарау болды деп хабарлайды Азаттық радиосының тілшісі.

Сарыбай Қалмырзаев қарашаның 10-ы күні "Свобода слова" газетінің бас редакторы Евгений Рахымжанов пен басылым тілшісі Дилярам Аркиннің үстінен өзінің ар-намысын қаралайтын мақаланы терістеуді талап етіп шағым түсірген болатын.

Евгений Рахымжановтың айтуынша, Сарыбай Қалмырзаев шағымында басылымда 2011 жылдың наурыз айында шыққан екі мақаланы терістеуді талап етеді. Бұдан өзге, Қалмырзаев жауапкер жақтан моральдық өтемақы ретінде 10 миллион теңге өндіріп алуды сұрап отыр.

Төрағалық етуші судья Ел-Назар Манапов жауапкер тараптың сұрауы бойынша сот отырысына дейінгі дайындықты қарашаның 28-іне дейін ұзартты.

Сарыбай Қалмырзаев 2004 және 2008 жылдары араға үзіліс салып экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарды. 2008-2011 жылдары Қазақстан президентінің іс басқарушысы қызметін атқарды.
XS
SM
MD
LG