Accessibility links

Астанада 21-22 қарашада шет ел діни жетекшілері бас қосады


Астанадағы "Нұр-Астана" орталық мешіті. 1 қараша, 2011жыл.

Астанадағы "Нұр-Астана" орталық мешіті. 1 қараша, 2011жыл.

Астанада қарашаның 21-і және 22-і күндері "Ислам - бейбітшілік пен жасампаздық діні" атты діни жетекшілердің халықаралық конференциясы өтеді деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына (ҚМДБ) сілтеме жасап.

Конференцияны ұйымдастырушы ҚМДБ-ның хабарына қарағанда, конференцияға Ресей, Қырғызстан, Түркия, Тәжікстан ,Эстония, Грузия және басқа елдерден қонақтар шақырылған.

Қазақстандағы мұсылман елдерінің дипломатиялық миссияларының өкілдері, теолог-исламтанушылар, президент аппаратының және басқа да мемлекеттік органдарының өкілдері де конференцияға қатысады деп жоспарланып отыр.
XS
SM
MD
LG