Accessibility links

Қытайдың ғарыш кемесі жерге сәтті оралды


Қытайдың "Шэньчжоу 8" ғарыш кемесі "Тянгун-1" модулімен түйісті. Бейжің аэроғарыш сапарын басқару орталығы. 3 қараша, 2011 жыл.
Қытайдың "Шэньчжоу 8" ғарыш кемесі "Тянгун-1" модулімен түйісті. Бейжің аэроғарыш сапарын басқару орталығы. 3 қараша, 2011 жыл.
Қытайдың ұшқышсыз ғарыш аппараты жер орбитасына алғашқы сапарын аяқтап, бүгін Гоби шөліне қонды.

Жер орбитасында "Шэньчжоу 8" аппараты Қытайдың "Тянгун-1" лабораториялық модулімен түйісті. Енді қытай ғарышкерлері келесі жылы лабораториялық аппаратты пайдалана алады.

2020 жылға қарай Қытай өз ғарыш станциясын құруды көздеп отыр. Ал алдағы жылы Айды айналып ұшатын арнайы зондты ұшыруды жоспарлаған.
XS
SM
MD
LG