Accessibility links

Германия мен Ұлыбритания жетекшілері Еуропаның қаржылық дағдарысын талқыламақ


Германия, АҚШ, Франция және Ұлыбритания жетекшілерінің Германияның Канн қаласында кездесуі. 3 қараша, 2011 жыл.

Германия, АҚШ, Франция және Ұлыбритания жетекшілерінің Германияның Канн қаласында кездесуі. 3 қараша, 2011 жыл.

Германия канцлері Ангела Меркель қарашаның 18-і күні Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмеронмен кездесіп, Еуропа қаржылық дағдарысқа ұшырап отырған уақыттағы тұрақтылықты сақтап қалу жайын талқыламақ.

Екі ел басшысы Брюссельде Еуроодақ елдері басшыларымен кездескен соң Еуропадағы қаржы дағдарысын реттеуге қатысты тіл табыса алмай қалған.

Ангела Меркель қаржылық саясатты жүргізу сияқты мәселелерде егеменділікті ысыра тұрып, Еуропаның тағдырына көбірек алаңдау керегін айтқан.

Ал Дэвид Кэмерон соңғы кездері Ұлыбританиядағы ішкі қысымнан кейін елдің ішкі мәселелеріне назар аударып, Еуроодақтың болашағына күмәнмен қарай бастаған.
XS
SM
MD
LG